24
март
2022
1 "Ә" сынып оқушыларының әліппемен қоштасу ертеңгілігінен көрініс.
Бүгін мектебіміздің 1"Ә" сынып оқушылары Әліппемен қоштасу кешін өткізді."Қош бол сүйікті әліппе" атты ашық тәрбие сағатында, оқушылар ән айтып, би билеп, мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетіп, осы уақытқа дейін оқып түйгендерін ортаға салды. Тәрбие сағатының барысында мектебіміздің ұстаздары мен ата аналар қауымы сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Тәрбие сағатының соңында сынып жетекшісі: Ержанова Жібек Қозыбайқызы Әліппе- білім анасы-дей отырып шәкіртеріне қанаттарың талмай биіктерге самғай беріңдер деп тілек тілеп, құттықтау Алғыс хаттарын табыс етті. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті.