Бүгін мектебімізде көркем еңбек,ән-күй бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған мерекелік шара өтті. » 12. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №12 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік комуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №12 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуникациялық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде көркем еңбек,ән-күй бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған мерекелік шара өтті.
14
март
2022

Бүгін мектебімізде көркем еңбек,ән-күй бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған мерекелік шара өтті.

– Тарихи деректерге сүйенсек, бүгін – ежелгі қазақ даласында Наурыздың басталған күні. Бұл күн қазақ халқында ізеттілік пен мейірімділікті, ауызбіршілік пен татулықты дәріптейді. Жақсылықтың нышаны болған бұл мейрам – халқымыздың рухани әлемінің бір көрінісі. Бұл күні адамдар арадағы өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне береке-бірлік тілейді. Әсіресе, аға буын өкілдері мейрамның тәрбиелік мәніне ерекше назар аударған. Біздің көпұлтты еліміз үшін достықты, ынтымақты үлгі ететін осындай жарқын мерекенің маңызы зор. Сондықтан Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Рухымыз биік, іргеміз берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мерекелік шара барысында көркем еңбек,ән-күй бірлестігінің ұжымдарының қатысуымен Көрісу күнінің мән-мағынасын түсіндіретін қойылымдар көрсетіліп, Наурызға арналған әсем әуендер шырқалды.

Похожие публикации: