“Өнер” бірлестігінің онкүндігі🧶🪡🎤🎨🎼🥁🩰🛠 » 12. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №12 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік комуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №12 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуникациялық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

“Өнер” бірлестігінің онкүндігі🧶🪡🎤🎨🎼🥁🩰🛠

Мектебімізде “Өнер” бірлестігінің онкүндігі 09.03-18.03. 2022 уақыт аралығында аталып өтілді. Онкүндіктің ашылу салтанаты бірлестік ұстаздарының шағын қойылымымен басталып,”Қара жорға” ұлттық биімен жалғасты. Екі апта бойы оқушылар, мектеп ұжымы түрлі сайыстар, көрмелер, қыл қалам шеберлерінің байқаулары,ұлттық ойындар,шеберлік сағаттары мен іс-шараларына куә болды.Атап айтқанда,10 минуттық үзілістерде домбыра үйірмесіне қатысушы оқушыларымыз “Келіншек” күйін орындады. Оқушыларымыз ән айтып,ұстаздармен бірге қазақша флешмоб биін биледі. Қазақтың ұлттық ойындары “Асық”,”Тоғызқұмалақ”, “Қол күрес”ойындары барша жұртқа насихатталды. Ұстаздар арасында өткен “Шебер қол” атты шеберлік сағат өткізілді. «Қол өнер белестері» атты сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. 14-Наурызда “Көрісу күні” жоғары дегенде ұйымдастырылды. Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз ұлттық киімдерімізді киіп,көрісу күнінің мән-мағынасын түсіндіретін қойылымдар көрсетіліп,Наурыз мерекесіне арналған әсем әуендер шырқалды. Қазақ ұлттық киімдерді толық киген 8 сыныпқа марапаттар ұсынылды. Бірлестіктің әр ұстаздары оқушылармен түрлі шеберлік сағаттарын өткізді. Торт жасау шеберлік сағатыда оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын арттырды.
Онкүндіктің жабылу салтанаты да жоғары деңгейде болды. “Өнер” бірлестігің ұстаздары мектеп ұжымына Наурыз көже ұсынды.
Осындай тамаша көңіл-күй сыйлап, оқушыларымыздың ұлттық мұраны сақтауға және оны насихаттауға және көбейтуге қызығушылығын арттыра білген тәжірибелі “Өнер” бірлестігінің еңбегін қалай бағаламасқа?!
Оқушыларымызды болашаққа лайықты ұрпақ етіп тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз! Осы мақсатты іске асыруда “Өнер” бірлестігінің : Төлеухан Құмарбек,Даривхан Семейхан,Камесхан Советбек,Даривхан Заманбек,Суртаева Эльвира,Рахымжан Ақсұңқар,Көпжасарова Мадина,Ақиқат Мукарам ұстаздарына сәттіліктер тілейміз! Қанаттарыңыз талмасын, тек қана биік белестерді бағындыра беріңіздер!